Дэвид Бекхэм мен оның ұлдары алтынмен апталды - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте кеше алғашқы Kids' Choice Sports Awards премиясы өтті. Оны Nickelodeon арнасы ұйымдастырған. Сыйлықтар атақты спортшыларға ұсынылды, деп хабарлады Day.Az.
Жұрттың назарына Меган Фокс, Дуэйн Джонсон және марапаттау шарасына екі ұлымен - Ромео және Крузомен келген Дэвид Бекхэм ілікті. Шараның жүргізушісі Майкл Страхан болды.
Дэвид Бекхэм мен оның ұлдарының сахнаға шығуы ерекше құбылыс болып қалды. Атақты футболшы мен оның ұлдарына алтын бояу құйылып, жиылғандардың арасында біраз әсер қалдырды.
Айта кету керек, спортшы бұл күні премияның арнайы Legend Award сыйлығына ие болды.