Дэвид Бекхэм тағы да жол апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты футболшы Дэвид Бекхэм Лондонда өзінің 15 жасар ұлы Бруклинмен бірге жол апатына ұшырады. Ол баласын "Арсенал" футбол клубындағы жаттығудан алып келе жатқан.

Дэвид Бекхэм тағы да жол апатына ұшырады

Бекхэмнің Audi көлігі қатты зақымданған, ол қайта қалпына келтіруге жарамайды. Ал футболшы иығынан жарақаттанды, деп хабарлайды The Daily Mail.

Еске сала кетсек, откен жылғы қарашада Бекхэм өзінің баласымен бірге жол-көлік апатына ұшыраған еді. Ол кезде оқыс оқиға Лос-Анжелесте, үйінің маңында орын алған болатын. Бехкэм үйінен шыға бере қарсы келе жатқан машинамен соқтығысқан. Бірақ ол кезде ешкім зардап шекпеген, көліктер де онша зақымданбаған еді.