Дэвид Бекхэм жол апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелестегі Сансет бульварында папарацциядан жасырынбақ болған "Манчестер Юнайтед", "Реал" және футболдан Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм жол апатына ұшырады.
None
None

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

БАҚ ақпаратынша, Бекхэм мотоциклді басқара алмай қалған. Келеңсіз оқиғадан футболшы зардап шеккен жоқ.

2013 жылдың қазанында да Бекхэм Беверли-Хиллз қаласында автомобилімен жол-көлік апатына ұшыраған еді.

Соңғы жаңалықтар