Дэвид Дженке: Головкин PPV-жұлдызы болған кезде қарсыласына өз талабын қоя алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Pinnacle Boxing промоутерлік компаниясының өкілі Promotions Дэвид Дженке қазақстандық боксшы Геннадий Головкин командасының келіссөздерді жүргізуіне байланысты пікірін білдірді.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Pinnacle Boxing промоутерлік компаниясының өкілі Promotions Дэвид Дженке қазақстандық боксшы Геннадий Головкин командасының келіссөздерді жүргізуіне байланысты пікірін білдірді.
«Бәрінен бұрын Головкиннің PPV-жұлдысы болған шағын күткен жөн. Сонда ол қарсыласына өзінің талабын қоя алатын деңгейге жетеді. Бұған алда тұрған Канеломен айқастағы нокаут көмектеседі»,-деп жазды Дженке өзінің твиттерінде.
Еске сала кетсек, британдық Амир Ханды жеңгеннен соң мексикандық боксшы Сауль Альварес «Канело» Головкинді жекпе-жекке шақырған болатын. Айқас қыркүйекте өтуі ықтимал.