Дэвид Кэмерон ЕО-дағы көші-қон еркіндігін шектеуге шақырды

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Британдық премьер-министр Дэвид Кэмерон Еуропалық одақ елдері ішінде еркін қозғалысқа шектеу енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Дэвид Кэмерон ЕО-дағы көші-қон еркіндігін шектеуге шақырды
Financial Times басылымындағы мақалада Кэмерон ЕО аумағындағы еркін жүріс-тұрыс ұстанымы еуропалық елдердің халқын жаппай көші-қонға итермелегенін және бұл тұрғыда жаңа келісім бойынша келіссөздердің уақыты жеткенін алға тартуда. Оның сөзінше, адамдардың сенімін қайтару үшін ЕО-ға өзгерістер қажет. Осы орайда премьер-министр 2014 жылдың қаңтарынан шектеулер жойылғаннан кейін Румыния мен Болгариядан ағылуы мүмкін азаматтарға байланысты британдықтардың алаңдаушылығын атап өтті. Сонымен қатар ол Британия шетелдік мигранттардың жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алудағы құқығын шектейтінін мәлімдеді. Бұл тұрғыда ашық аспан астында күнелткендер немесе қайыршылықпен айналысып жүргендер ел аумағынан шеттетілетін болады екен.