Дэвид Кэмерон Маргарет Тэтчердің жерленетін күнін атады
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон Біріккен Корольдіктің бұрынғы үкімет басшысы Маргарет Тэтчердің жерленетін күнін атады, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг.
Қайғылы рәсім сәрсенбі күні, 17 сәуірде, Қасиетті Павел соборында өтеді, деп жазды саясаткер өзінің микроблогында.
Шараға бұрынғы кеңестік көшбасшы Михаил Горбачев, қаріргі премьер-министр Дэвид Кэмерон, оның бұрынғы әріптестері - Тони Блэр, Гордон Браун және басқалар қатысады деп күтілуде.
Жерлеуге Екатерина ІІ патшайымның өзі де қатысуы мүмкін. Әдетте ол корольдік отбасы мүшелерімен байланысты емес қайғылы рәсімдерге қатыспайды, дегенмен Уинстон Черчилльді жерлеуге қатысқаны сияқты мұнда да болуы мүмкін.
М.Тэтчерді жерлеу рәсімі телевидениеден трансляция жасалады. Одан кейін Темір ханымның денесі Әулие Павел соборындағы рәсімнен кейін Лондонның Мортлейк ауданындағы крематорийге жеткізіледі. Мұнда оның туыстары мен достары қатысады.
Еске сала кетейік, Біріккен Корольдік премьер-министр3 болған бірден-бір әйел дүйсенбі күні, 8 сәуірде 87 жасында дүниеден өтті. Ол жүрек талмасынан қайтыс болды. М.Тэтчер Ұлыбританияның консервативтік партиясынан 1979 жылдан 1990 жылға дейін премьер қызметінде болды. Ол ел тарихында, сондай-ақ еуропалық мемлекеттер тарихында премьер-министр болған алғашқы әйел болатын. Мінезінің қаталдығынан оған Темір ханым деген атау берілді.