Дэвид Перриш: Астана халықаралық форумы проблемалардың шешілуіне ықпал етеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық форумына қатысушылардың қатарында мәдени және креативті индустрияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Британиялық маман Дэвид Перриш - баяндамалары, оқыту семинарлары және кітаптары арқылы жер-жаһанда танымал бизнес-кеңесші. Ол әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істеген. Алқалы жиында Перриш табысқа жету үшін бизнес пен шығармашылықты ұштастырудың ұтымды жолдары туралы айтып бермекші.

«Форум көшбасшылар мен сарапшылардың басын қосады және кейбір көкейкесті әлемдік проблемаларды шешудің практикалық жолдарын ұсынады. Жиында мен жаһандық креативті экономикада шығармашылықтың маңыздылығы және жаңадан пайда болып жатқан трендтер мен сын-тегеуріндер туралы сөз қозғаймын. Бұдан бөлек үкімет пен мемлекеттік ұйымдар шығармашыл кәсіпкерлерді қалай қолдай алатынын және халықаралық байланыстарды қалай кеңейтуге болатынын айтамын. Сонымен қатар креативті индустриядағы инновацияның рөлі туралы және соңғысы осы саладағы кәсіпкерлер шығармашылықта да, коммерциялық тұрғыда да қалайша жетістікке жете алады деген тақырыптарда сөз сөйлеймін», дейді бизнес-кеңесші Дэвид Перриш.


Соңғы жаңалықтар
telegram