Дэвис кубогі: Қазақстан - Чехия 0:2

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Мен Чехия арасында теннистен Дэвис кубогінің ширек финалдық кездесуі өтуде.

Дэвис кубогі: Қазақстан - Чехия 0:2

Бүгін алғашқы матчта Ұлттық теннис кортында Михаил Кукушкин мен чех Ян Хайек ракетка түйістірген болатын. Өкінішке орай, отандасымыз Михаил Кукушкин үш сетте қарсыласына жол берді. Есеп - 6:3, 6:2, 6:4. Осылайша чехтар 1-0 есебімен алға шықты.

Аламан» ұлттық спорт порталының хабарлауынша, АТР рейтингісінде Кукушкин 156-орында тұр. Ал оның қарсыласы Ян Хайек 94-орында.

Андрей Голубев пен Лукаш Росол арасындағы кездесу де біздің теннисші жеңіліп қалды - есеп 6:4; 4:6; 2:6; 6:7 (6:8).

Айта кетейік, ертең, кездесудің жұптық сайысында Евгений Королев пен Юрий Щукин жұбы Радек Штепанек мен Иво Минармен күш сынасады.

Матчтық кездесудің соңғы үшінші күнінде Евгений Королев - чехиялық Лукаш Росолға, Андрей Голубев Ян Хаейкке қарсы ойнайды.