Дэвис кубогі: Қазақстанмен матчта Чили құрамасы алға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ла-Серена қаласында Дэвис кубогі аясында Қазақстан – Чили іріктеу матчы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші күні кортқа бірінші болып жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов Алехандро Табило – Томас Барриоспен шықты.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте чилилік жұп брейк жасап кетті. Содан кейін доп бергенде, өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 6:4.

Екіншіі сетте есеп 5:5 болғанда, корт иелері тағы брейк жасады. Сосын матчты жеңіспен түйіндеді – 7:5.

Осылайша, Чили Қазақстанмен матчта 2:1 есебімен алға шықты.

Бұдан кейін Александр Бублик Кристиан Гарин, Тимофей Скатов Николас Харримен ойнайды.

Қазақстандықтар финалдық кезеңге шығу үшін қалған екі бәсекені де ұтуы керек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Тимофей Скатовтың Қазақстан құрамасы сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан – Чили матчында таразы басы теңесті.

15 жасар қазақстандық теннисші алғаш рет ITF Juniors турнирінің чемпионы атанды.

Юлия Путинцева Әбу-Даби турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады.


Фото - Қазақстан теннис федерациясы
Соңғы жаңалықтар