Дэвис кубогінде Қазақстанмен ойнайтын командалардың құрамы анықталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Davis Cup Finals жарысын ұйымдастырушылар Глазго (Шотландия) қаласында 13-18 қыркүйекте D тобында ойнайтын командалардың құрамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, бұл топта Ұлыбритания, Қазақстан, Нидерланды және АҚШ құрамалары сынға түседі.

Осы елдердің намысын мына ойыншылар қорғайды:

Ұлыбритания: Кэмерон Норри, Даниэль Эванс, Энди Маррей, Джо Солсбери.

Қазақстан: Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев, Александр Недовесов.

Нидерланд: Ботик ван де Зандсхулп, Таллон Грикспор, Тим ван Рейтховен, Весли Колхов, Матве Мидделкоп.

АҚШ: Тейлор Фритц, Фрэнсис Тиафо, Томми Пол, Джек Сок, Раджив Рам.

Қазақстан құрамасы 13 қыркүйекте Нидерланд теннисшілерімен кездеседі. Матч елорда уақытымен сағат 21:00-де басталады. 15 қыркүйекте АҚШ-пен ойнайды. Басталуы – сағат 21:00. 18 қыркүйекте Ұлыбританиямен кортқа сағат 19:00-де шығады.

Дэвис кубогінің топтық кезеңі алғаш рет төрт қалада өтеді. Әр топтан екі үздік команда ширек финалға жолдама алады.

Плей-офф бәсекелері 23-27 қарашада Испанияның Малага қаласында өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Цинциннати турнирінде ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.





Фото: www.hufsd.edu


Соңғы жаңалықтар
telegram