Дэвис кубогінің рейтингі: Қазақстан Азия мен ТМД бойынша бірінші сатыда
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Дэвис кубогында Чехиядан ұтылған Қазақстан құрамасы бүгін жарияланған әлемдік рейтингте бір саты төмендеп, сегізінші орынға тұрақтады, деп хбарлады «Аламан» ұлттық спорт порталынан.
Ресей (29), Украинамен (24) салыстырғанда жағдай жақсы. Қазақстан ТМД һәм Азия елдері ішінде бірінші сатыда.
Дэвис кубогының рейтингі
1 (2). Чехия - 32 510,94.
2 (1). Испания - 28 750,00.
3 (4). Сербия - 21 598,44.
4 (3). Аргентина - 21 500,00.
5 (5). Франция - 12 526,25.
6 (6). АҚШ- 9584,38.
7 (8). Канада - 8894,38.
8 (7). Қазақстан - 5128,75.
9 (9). Италия - 4659,38.
10 (11). Австрия - 3315,63