Дэвис Кубогы-2013: Чехия құрамасының капитаны қазақстандық теннисші А. Голубевті қауіпті қарсылас ретінде санайды

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Чехияның теннистен ерлер құрамасы Дэвис Кубогы-2013 әлемдік тобының ширек финалына келді.

Дэвис Кубогы-2013: Чехия құрамасының капитаны қазақстандық теннисші А. Голубевті қауіпті қарсылас ретінде санайды

Олар 5-7 сәуірде Қазақстан құрамасына қарсы ойынын өткізеді.

Атап айтқанда, Чехия теннисшілері қазақстандық командамен додаға тас-түйін дайындалып келген сыңайлы. Бұл елдің құрамасының капитаны Ярослав Навратил Андрей Голубевті қауіпті қарсылас ретінде бағалап отыр.

«Менің ойымша, қазақстандықтар тегеурінді қарсылас. Өйткені, осы елдің командасы бес жылдан астам уақыт бойы негізгі дивизионда өнер көрсетуде»,- деді Я. Навратил.

Оның сөзіне қарағанда, Чехия спортшылары қазіргі уақытта өздерін тың сезінуде. Осы орайда теннисші Ян Хайек команда екі жыл бұрынғы жеңіліс үшін есе қайтару үшін келгенін сөз етті.

Сондай-ақ қонақтардың пікірінше, Астанадағы теннис корттары әлемдегі үздік алаңдардың қатарында.