Дэвис кубогы Әлемдік тобының 1-кезеңінде қазақстандық теннисшілер чехиялықтармен кездеседі
АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Теннис федерацияның мәліметіне қарағанда, Дэвис кубогы әлемдік тобының 1-кезеңінде қазақстандықтар алдағы жылғы 4-6 наурыз күндері Острава қаласында Чехия құрамасымен кездеседі.
Жоғары деңгейлі бұл дүбірлі сайысқа қазақстандықтар алғаш рет қатысып отыр. Олар бұл мәртебеге биыл 17-19 қыркүйекте Азия/Мұхит аймағының 1-тобының плей-офф кезеңіндегі сайыста қол жеткізді. Олар оған дейін 7-9 мамыр күндері Қытайдағы Вуханда Ұлттық теннис орталығында өткен Азия/Мұхит аймағы 1-тобының 2-кезеңінде қытайлықтарды 4:1 есебімен ойсырата ұтқан еді.