Дэвис кубогы: Голубев пен Недовесов жұптық бәсекеде Федерер мен Вавринкадан басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэвис кубогының ширек финалы аясындағы Швейцария-Қазақстан матчында Андрей Голубев/Александр Недовесов пен Роджер Федерер/Станислав Вавринка жұптары кездесті.

Дэвис кубогы: Голубев пен Недовесов  жұптық бәсекеде Федерер мен Вавринкадан басым түсті

Тартысты өткен бәсекеде қазақстандықтардың мерейі үстем болды.

Матч қорытындысы - 6:4, 7:6, 4:6,7:6. Қазақстан есеп бойынша алда - 2:1.