Дэвис Кубогы: Қазақстан - Өзбекстан 1:1
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дэвис Кубогы аясындағы плэй-офф ойындарда Қазақстан мен Өзбекстанның есебі теңесті.
Бүгін осы турнир аясындағы алғашқы ойында Евгений Королев өзбек тенисшісі Денис Истоминнен 3:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ Михаил Кукушкин есе қайтара білді. Фарух Дустовқа қарсы шыққан ол өз қарсыласын төрт сетте (6:2, 6:4, 3:6, 6:4) жеңіп шықты. Есеп 3:1. Әзірше Қазақстан мен Өзбекстан тең келеді. Есеп - 1:1.
Ертең, қыркүйектің 15-і күні жұптар арасындағы кездесулер өтеді. Олар - Андрей Голубев/Юрий Щукин (Қазақстан) - Денис Истомин/Фарух Дустов (Өзбекстан). Ал жексенбі күні Евгений Королев Ф.Дустовпен ойнаса, Михаил Кукушкин Д.Истоминмен күш сынасып көреді.