Дэвис кубогы: Қазақстан теннисшілері Қытай командасын ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Дэвис Кубогының Азия/Мұхит аймағы I тобында ойнайтын Қазақстан мен Қытай құрамаларының арасында жұптық разрядтағы ойын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Дэвис кубогы: Қазақстан теннисшілері Қытай командасын ұтты

Қазақстан намысын қорғаған Андрей Голубев пен Александр Недовесов қытайлық Бай Янь мен Мао-Синь Гунге қарсы ойнады. Ойын барынша тартысты өтіп, кездесу нәтижесі бесінші сетте ғана анықталды. Бұл кездесуде 3:6, 6:1, 5:7, 6:1, 6:3 есебімен  корт қожайындары Голубев пен Недовесов жеңіске жетті. Осылайша, кездесудің есебінде Қазақстан 3:0 есебімен алда тұр. Алда әлі екі кездесу бар. Дегенмен, оның нәтижесінде біздің теннисшілер жеңіліске ұшыраса да келесі кезеңге жолдама алады.