Дэвис кубогы: Қазақстандықтардың алғашқы қарсыласы кімдер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лондонда өткен жеребе нәтижесі бойынша, 2019 жылғы Дэвис кубогының бірінші кездесуінде Қазақстан Португалияға қарсы ойнайды.
Бес матчқа созылатын кездесу 1-2 ақпан күндері Астанада өтеді.
Еске сала кетейік, биылғы Дэвис кубогында Қазақстан Швейцария құрамасын 4:1 есебімен ұтып, сырт алаңда Хорватияға 1:3 есебімен жол берді.
Дэвис кубогы - 1900 жылдан бері теннистен ерлер арасында өткізілетін ірі халықаралық турнир. 1979 жылдан бері Халықаралық теннис федерациясының қолдауымен өткізіледі.