Дэвис кубогы: Қытайға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Дэвис Кубогының Азия/Океания аймағы бірінші тобының ойынында Қытай командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының теннисшілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дэвис кубогы: Қытайға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

ҚР Теннис федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев  ойынға Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов  және Дмитрий Попконы шақырған.

Ал Қытай құрамасының капитаны Вей Джианг өз тобын Ди У, Цзе Чжанга, Мао-Ксин Гонга және  Янь Бай сынды теннисшілерден жасақтап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Дэвис кубогы (Азия-Океания аймағының 1 тобы) ойыны елордадағы Ұлттық теннис орталығында 7-9 сәуір күндері өтеді. Ойын барысында Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогы әлемдік тобының плей-офф кезеңіне шығу үшін Қытай құрамасымен күш сынасады.