Дэвис кубогы: Михаил Кукушкин Қазақстан қоржынына алғашқы ұпайды салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан «Дэвис кубогы» додасында Михаил Кукушкин Қазақстан құрамасын алға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дэвис кубогы: Михаил Кукушкин Қазақстан қоржынына алғашқы ұпайды салды

Жекелей сындағы бірінші кездесуде Михаил Кукушкин мен Гвидо Пелья өзара мықтыны анықтады. Бірінші және екінші партия аса тартысты өтіп, ойын тай-брейкке дейін созылды.

Алғашқы сетте аргентиналық теннисші 7:6 есебімен жеңіске жетсе, үшінші және төртінші партияларда Кукушкин қарымта қайтарып, Қазақстан қоржынына алғашқы ұпайды сыйлады.

Қорытынды есеп - 6:7, 7:6, 6:2, 6:4.

Жекелей сындағы екінші ойын Дмитрий Попко мен Диего Шварцман арасында жалғасты.