Дэвис кубогында бақ сынайтын теннисшілер анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэвис кубогы матчында Аргентина командасымен бақ сынайтын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Команда капитаны Диас Досқараев аргентиналықтарға қарсы ойнайтын Михаил Кукушкинді, Дмитрий Попконы, Александр Недовесов пен Денис Евсеевті мәлімдеді. Аргентина құрамасының капитаны Даниэль Орсанич Диего Шварцманды, Гвидо Пельюді, Массимо Гонсалес пен Андрес Молтениді шақырды.
Еске салайық, 2017 жылдың 15-17 қыркүйек аралығында Астана ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогы плей-офф матчы өтеді. Онда Қазақстан ерлер құрамасы Әлемдік топқа шығу үшін Аргентина құрамасымен бақ сынайды.
Қазақстан-Аргентина матчының кестесі:
15 қыркүйек
Басталуы сағат 12:00
16 қыркүйек
Басталуы сағат 14:00-
17 қыркүйек
Басталуы сағат 14:00