Дэвис кубогының иегері анықталды
МАДРИД. ҚазАқпарат - Испаниялықтар финалда Канада құрамасын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Денис Шаповаловты 2:0 есебімен ұтқан Рафаэль Надаль кездесуге нүкте қойды.
Рафаэль Надаль - Денис Шаповалов - 6:3, 7:6 (9:7)
Матч 1 сағат 57 минутқа созылды.
Испания - Канада - 2:0
Осылайша Испания құрамасы теннис тарихында Дэвис кубогына алтыншы рет қол жеткізіп отыр. Олар аталмыш турнирді ең соңғы рет 2011 жылы жеңіп алған болатын.