Ди Каприо аңсап жеткен «Оскарын» мейрамханада ұмытып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Оскарға" ақыры қол жеткізген актер Леонардо Ди Каприо өзінің сыйлығын мейрамханада ұмытып кеткен. Бұл жерде ол әріптестерімен бірге «Оскар» сыйлығын алғанын атап өткен. Мүсін дереу иесіне қайтарылды.
Актердың наградасы Twitter-де рекорд орнатты, марапаттау шарасында оның есімі аталған соң пайдаланушылар бір минуттың ішінде 440 мыңнан астам твит жазған.
Еске сала кетейік, актер "Оскарды" алуға 6 рет талпынған.