Ди Каприо мұхитты сақтап қалу қорына 6 млн. доллар қаржы аударды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Деонардо Ди Каприо «Oceana» мұхитты сақтау қорына 6 млн. доллар қаржы аударды, деп хабарлайды Росбалт.
Ақшалай қолдау көрсеткен актер қор өкілдерімен кездесуде сөз сөйледі.
«Біздің ғаламшарымыздағы мұхиттар мен су түрлерін қорғау бүгінде адамзаттың алдында тұрған басты мәселесі, - деп мәлімдеді ол. - Сонымен бірге, адамгершілік тұрғысынан да қарауымыз керек. Менің грантым біздің мұхиттарымызды сақтап қалу бағытында орасан зор жұмыстар атқарып жатқан «Oceana»-ға көмектеседі деп үміттенемін».
Қор директоры Энди Шарплесс өнер жұлдызына алғыс айтты, деп мәлім етті Myjane порталы.