Ди Каприо Путинді, Ленинді және Распутинді сомдағысы келетінін мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері Ди Каприо кинода Ресей президенті Владимир Путинді ойнағысы келетін мәлім етті.

Ди Каприо Путинді, Ленинді және Распутинді сомдағысы келетінін мәлімдеді

«Путин өте, өте, өте қызықты болар еді, мен оны қанағаттанғандықпен ойнар едім», деп мәлімдеді немістің Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында Ди Каприо.

Актер Путинмен бірнеше жыл бұрын Петербургте сібір жолбарыстарын құтқару форумында кездескенін айтты. «Путинмен екеуміз осы тамаша жануарды құтқару жөнінде ғана айттық, ешқандай саясат әңгіме болған жоқ», - деп атап өтті Ди Каприо.

Ол сондай-ақ «Ленин рөліне қызығатынын» айтты, деп жазады Росбалт.

«Ленин де қызықты кинорөл болар еді. Мен Распутинді де құлшына сомдар едім. Орыс тарихы жөнінде фильмдер көп болуы тиіс деп санаймын», - деді актер.