Ди Каприо якут «Оскарын» Instagram-да көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері Леонардо Ди Каприо өзінің Instagram-дағы парақшасында якут «Оскарының» фотосуретін жариялады, деп хабарлады Lenta.ru.

16 наурызда Якутияда жасалған «Оскарға» ұқсас күміс мүсінше Ди Каприоға берлген.

АҚШ-та «Оскар» сыйлығын тапсыру күніне (28 ақпан) Якутиядағы мүсінше толық әзір болған едді. Оны жасаумен зергер Руслан Неустройев айналысқан. Ол көлемі жағынан нағыз «Оскармен» бірдей болды. Мүсіншеге бағалы металл бүкіл Якутиядан жиналды. Қорытындысында шеберде шамамен бір жарым келіге жуық күміс және үш грамм алтын болған.

Ди Каприоға «Оскар» сыйлығы «Жансебіл» драмасындағы ер адамның үздік рөлі үшін берілді. Бұған дейін ол наградаға бес рет таласқа түскен болатын. Актерге мүсіншені тапсыру Twitter-де рекорд орнатты: салтанатта оның есімі аяқталғаннан кейін бір минуттың ішінде 440 мыңнан астам твит жазды.

Соңғы жаңалықтар
telegram