Ди Каприо жол апатына түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд жұлдызы америкалық киноактер Леонардо Ди Каприо мен ол кездесіп жүрген Дания моделі Нина Агдал Нью-Йоркте жол апатына түсті. Екеуі мінген Range Rover көлігі Mini Cooper көлігімен соқтығысты.
Апат кезінде екі көліктегі жолаушылар да зардап шеккен жоқ, деп жазады Утро.ру
Mini Cooper көлігі зақымданып, автотұраққа қойылды, ал Range Rover көлігінің еш жері зақымданған жоқ.