Диабетиктердің коронавирустан кейін қалпына келуі қиын болады - ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус қант диабетімен ауыратын науқастарға қалай әсер еткені туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қант диабеті бар науқастарда кез келген инфекциямен ауырған кезде қаны қоюланып кетеді. Коронавирус көптеген созылмалы аурулардың жағдайын қиындата түседі. Қант диабеті қосымша патологияға кері әсер етуі мүмкін. Қант диабеті кез келген қосымша аурудан кейін, соның ішінде коронавирустан кейін асқынып кетіп, қалпына келуі күрделі болады. Созылмалы дерті барлар, соның ішінде қант диабетімен ауыратындар өздерінің денсаулығына айрықша мән бергені жөн», - дейді Бағдат Қожахметов.


Соңғы жаңалықтар