Diamond Ring мен «ҚазАқпарат» ХАА меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Diamond Ring» қазақстандық бокс промоутерлік компаниясы мен «ҚазАқпарат» ХАА арасында ынтымақтастық туралы ресми келісім жасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Diamond Ring мен «ҚазАқпарат» ХАА меморандумға қол қойды

«Diamond Ring» қазақстандық бокс промоутерлік компаниясы мен «ҚазАқпарат» ХАА арасында ынтымақтастық туралы келісімге қос ұйымның басшылары Лашын Аймағамбетов пен Асқар Умаров қол қойды.

«Diamond Ring компаниясының ақпараттық серіктесі атану біз үшін үлкен мәртебе. Бастаманы көтерген Лашын Аймағамбетовке алғыс білдіргім келеді. Бұл промоутерлік компания әлемдік ареналарда біздің боксшыларымыздың сойылын соғып келеді. Сонымен қатар, еліміздегі спортты жан-жақты насихаттап, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде. 20 жыл бұрын біздің спортшылар АҚШ-тың танымал рингтерінде жұлдыздай жарқырап, олардың шетелде жанкүйерлері болатынын ойша елестету қиын болатын. Біз өз тарапымыздан ақпараттық қолдауға күш салып, ел спортшыларының жетістіктерін насихаттап отыратын боламыз. Бұл - үлкен серіктестіктің бастауы!», - деді «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров.  
null 

«Diamond Ring» бокс промоутерлік компаниясы Қазақстанда бес жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді.  Компанияның атынан шығып жүрген үздіктер қатарында екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Бекман Сойлыбаев (12-0, 4 КО) және Айдар Шәрібаев (7-0, 6 КО) бар.

null

«Біздің ұсынысымызға қолдау білдірген «ҚазАқпарат» ХАА-ға алғыс айтқымыз келеді. Осындай үлкен құрметке ие ақпараттық алаң арқылы жақсы спорттық жаңалықтар таратуға біздің компания бар күшін салады. Оның бірі 12 сәуірде АҚШ-та өтетін Айдар Шәрібаевтің жекпе-жегі. Оның қарсыласы Әлемдік бокс қауымдастығы санкциялаған спортшы Эндрю Канчио болмақ. Кездесуді АҚШ-тың  ESPN арнасы тікелей эфирде көрсетеді», - деді Лашын Аймағамбетов.

null 

null null null