Диана ханшайымның соңғы хаты бәссаудада 4 мың долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Диана ханшайымның жазған соңғы ресми хаты бәссаудада төрт мың долларға сатылды. Хат Кенсингтон сарайының бланкісінде жазылған және оған Диана өзі қол қойған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Ол 1997 жылы 11 наурызда гуманитарлық ұйымның өкілі Дилис Читамға ханшайымның өмірден өтерінен үш апта бұрын жолданған екен. Өз хатында Диана жаяу әскер минасына қарсы шара аясында Боснияда болған үш күндік сапардан «ерекше әсер алғанын» жазған. «Әлем осы қаһарлы қарудан зардап шеккен бейкүнә жандар әлі талай жыл қолдау мен күтімге мұқтаж болатынын ұмытпаса игі», - деп атап өткен болатын сол кезде ханшайым. 1997 жылы ханзада Чарльзбен ажырасқаннан кейін бірнеше айдан соң Диана Парижде көлік апатынан қаза болды. Ханшайым Ұлыбритания мен одан тысқары елдерде қайырымдылықпен белсенді айналысқан адам.

Соңғы жаңалықтар