Диана Шарапова Геннадий Головкинге ән арнады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Диана Шарапова жуық арада жеңілмейтін боксшы Геннадий Головкин туралы клипін ұсынады, ал әзірге өнерсүйер қауым назарына ол әннің тизерін салды.
«Геннадий Головкинге арналған клип. Геннадий шын мәнінде ринг королі, заманауи бокс королі, Қазақстанның үздік кәсіби спортшысы, өз мансабы кезінде бірде бір ұрыста жеңіліп көрмеген - мен үшін және бүкіл әлем үшін үлкен тұлға. Ол жайында ән шырқау - мен үшін құрмет», - делінген бейнебаянға түсіндірмеде.
Әнші сондай-ақ ән сөзінің авторы Сержан Қайырбаевқа алғыс айтты.
Музыкалық клиптің түсірілімі осы жылғы тамыз айында өтті.