Диас Ахметшәріп KazSport телеарнасы директорлығынан босады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KazSPORT» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріптің қызметінен босатылуына байланысты телеканал басшысының міндетін атқару «KazSPORT» телеарнасының бас продюсері Павел Цыбулинге жүктелді, деп хабарлады республикалық телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі.
«KazSPORT» телеарнасы директорының бос лауазымы туралы ақпарат корпорация сайтында орналастырылды.