Диас Қадырбаевтың қорғаушылары бостондық соттан оның ФБР-ге берген мәлімдемесін ескермеуді сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Бостонда (Массачусетс штаты) болған қастандыққа қатысты тергеуге кедергі келтірді деген айып тағылған қазақстандық Диас Қадырбаевтың қорғаушылары дүйсенбі күнгі тыңдалымда соттан оның ұсталғаннан кейінгі билік өкілдерімен әңгімесі барысында жасаған мәлімдемелерін ескермеуін сұрады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Бұған негіздеме ретінде қорғаушылар лингвистика саласының сарапшысы - Темпль университетінің (Пенсильвания штаты) профессоры Анет Павленконың пікірін келтірді. Бостон федералдық сотының тыңдалымында ол Қадырбаев ағылшын тілін жақсы меңгермегенін айтқан. Осылайша, Павленконың сөзіне қарағанда, жас жігіт 2013 жылдың сәуірінде ұсталғаннан кейін АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФБР) агенттері құқықтарын, соның ішінде қорғаушыға және мәлімдеме жасамау құқықтарын айтқанда дұрыс түсінуі екіталай.

Қадырбаевтың қорғаушылары сондай-ақ, ФБР агенттері сұрау кезінде оның осал тұсын, ағылшын тілін жетік меңгермегенін пайдаланып өз айлаларын іске асырмақ болғанын айтты. Дүйсенбі күнгі тыңдалымда Қадырбаев аудармашының қызметіне жүгінген. The Boston Globe газеті осыған дейінгі тыңдалымдарда мұндай қызмет оған қажет болмағанын жазды.

Айыптаушылардың мәліметтеріне сай, Қадырбаев және Қазақстаннан барған тағы бір студент - Азамат Тәжаяқов - 2013 жылы сәуірде Бостондық марафонда теракт жасады деп сезіктеліп отырған Джохар Царнаевпен жақсы таныс болған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, жарылыстан 3 күн өткеннен кейін Қадырбаев пен Тәжаяқов пиротехника мен ноутбук болған Царнаевтың рюкзагының көзін жоймақ болған.

Жаңалықтардан Царнаевтың суретін көрген олар жарылысқа оның қатысы бар екен деп ойлап, осындай әрекетке барды деген болжам бар. Рюкзак қоқыс тастайтын жерден табылды.

Егер Қадырбаев пен Тәжаяқов кінәлі деп танылса, онда олар 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Царнаевтың үшінші досы американдық Робел Филлипос ФБР тергеушілеріне жалған мәлімдеме берді деп айыпталуда. Ол 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Үшеуі де кінәсіз екендерін алға тартуда.

Соңғы жаңалықтар