Дидье Дешам Франция құрамасын 2026 жылға дейін жаттықтыратын болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Дидье Дешаммен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл туралы аталған ұйымның ресми сайты хабарлаған.

Д. Дешам Франция командасының тізгінін 2012 жылы маусымда ұстады. Содан бері оның басшылығымен ел құрамасы 139 матчта 89 жеңіске қол жеткізді. 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионатының, 2021 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, 2016 жылғы Еуропа, 2022 жылғы әлем біріншілігінің финалына дейін жетті.

Қазіргі кезде Франция ФИФА рейтингісінде үшінші орында тұр. Соңғы бес жыл бойы үздік төрттіктен төмендеп көрген емес.

Қатарда өткен әлем чемпионатының финалында Францияның пенальти сериясында Аргентинаға жол бергені белгілі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің 2022 жылдың қорытындысы бойынша чемпиондардың чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Килиан Мбаппе Францияда жылдың үздік спортшысы атанды.

Соңғы жаңалықтар