Дидье Дрогба «Челсиға» қайта оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англиялық «Челси» футбол клубы Кот-д'Ивуар құрамасының шабуылшысы Дидье Дрогбамен шартқа қол қойды, деп жазады ИТАР-ТАСС ағылшындық клубтың баспасөз қызметіне сілтемемен.
36 жастағы футболшымен шарттың уақыты 1 жылға белгіленген. Өткен маусым аяқталған шақта Дрогбаның түркиялық "Галатасараймен" де шарт жасасқан уақыты аяқталған болатын.
Моуринью мен Дрогба "Челси" құрамында 2004-2007 жылдары бірге жұмыс істеген. О кездері клуб екі мәрте Англия чемпионатында жеңіске жеткен еді. 2007 жылы бапкер «Челсиден» кетіп, өткен футбол маусымы басталар шақта қайта оралған болатын.
Айта кетейік, "Челси" сапында өнер көрсеткен 8 жыл ішінде (2004-2012) Дрогба 341 матчқа қатысып, 157 гол салыпты.