Диего Марадона "Аль-Васл" клубының жаттықтырушысы қызметінен қуылды

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Әйгілі футболшы Диего Марадона Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Васл" клубының жаттықтырушысы қызметінен шығарылды.

Диего Марадона "Аль-Васл" клубының жаттықтырушысы қызметінен қуылды

Дубайлық клубпен екіжылдық келісім-шартқа Марадона өткен жылдың мамыр айында қол қойған еді. Ағымдағы жылдың маусымының ортасында клуб директорлары кеңесіне толық құраммен команданың өткен маусымда табыссыз ойнағаны үшін қызметтерін босатуға тура келді.