Диего Симеоненің ұлы Олимпиадаға баратын Аргентина құрамасының қатарында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина футбол қауымдастығы Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысатын ерлер командасының құрамасын жария етті.
Олардың ішінде «Атлетико» бас бапкері Диего Симеоненің ұлы Джованни Пабло Симеоне бар.
Еске сала кетейік, Олимпиада Рио-де-Жанейрода 5 және 21 тамыз аралығында өтеді. Алайда футбол турнирі 3 тамызда басталады. Аргентина құрамасы D тобында Португалия, Гондурас және Алжир құрамаларымен ойнайды.