Диетологтар әлемдегі ең зиянды сусынды атады
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар әлемдегі ең зиянды сусын деп құрамына әртүрлі қоспалар қосылған сүт коктейлін атады. Оған қосылатын әсіресе шоколадты балмұздақ пен жержаңғақ майы адам ағзасына өте қауіпті дейді.
Ғылыми тәжірибеге мектептің 100 оқушысы қатысқан. Олар сүт коктейлін ішіп жатқан кезде ғалымдар олардың миларының белсенділігін бақылап отырған.
Бұл сусынның бір порциясында ересек адам үшін белгіленген калорияның тәуліктік нормасы бар. Оған қоса, майдың тәуліктің нормасы үш есе көбейтілген, деп жазады РОСБАЛТ.