ДИЕТОЛОГТАР: Ашығу - демікпе дертіне шипа
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық зерттеушілер бірауыздан адам айына бір рет ашығып тұру қажет деген шешімге келді. Алайда организмге бұндай жағдайда аздап күш түсуі мүмкін екенін де жасырмайды.
Адам ағзасы күн сайын ас қорытудан шаршайды, деп жазады Informing. Сондықтан ашыққан сәттегі қиындық пен күйзелістің еш зияны жоқ, керісінше оның пайдасы көп, дейді ғалымдар.
Зерттеу барысында анықталған тағы бір жай, айдың басындағы әр дүйсенбі сайын ашығып тұратын адамдардың кенеттен денсаулығы сыр беру қаупі азаяды екен. Сондай-ақ, жүрек қан тамырлары аурулары 40 пайызға дейін төмендеп, астмамен ауыратын кісілердің дем жетпей қысылуы әлдеқайда азаяды.