Диетологтар: Сәл артық салмақ адам өмірін ұзартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық ғалымдар артық салмаққа қатысты жаңа қорытынды шығарды. Олардың пайымынша, сәл артық салмақ керісінше адамға пайдалы екен.
None
None

АҚШ-тың Огайо университетінің мамандары бұл жаңалықты ашу үшін 18 жыл тер төккен. Жобаға 18 жастан жоғары 10 мыңнан астам адам қатысқан, деп жазады Myjane порталы.

Белгілі болғандай, 50 жастағы сәл артық салмағы бар адамдардың еш артық салмағы жоқ замандастарына қарағанда 15 жылдай артық ғұмыр кешуге мүмкіндігі болған.

Ғалымдардың айтуынша, салмақтың күрт өзгеруі адам ағзасына қауіпті. Одан көрі, сәл артық болса да, тұрақты салмақ болғаны жөн. Себебі, ашығу өз кезегінде адамды күйзеліске шалдықтырады.

Соңғы жаңалықтар