Диетологтар: Томат шырыны арықтауға көмектеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы университеттердің бірінде өткен ғылыми зерттеуге 20-30 жас аралығындағы 25 әйел адам қатысты. Олар 8 апта бойы күнінен шамамен 0,5 литр томат шырынын ішіп отырған. Бұдан басқа олар өмірлеріне ешқандай өзгеріс енгізбеген.
Ғалымдардың зерттеуінше, межелі уақыт өткен соң зерттеуге қатысушылардың беліндегі май қыртысы азайып, бел өлшемі 2 см көлемінде қысқарған. Яғни екі ай ішінде әрқайсысы 0,5 кг салмақ тастаған. Сондай-ақ, олардың қан құрамындағы холестерин деңгейі 10%-ға азайған.