Digital Almaty: Алматыда форум кезінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының полиция департаменті 30-31 қаңтарда өтетін халықаралық іс-шаралар кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер қойылатынын хабарлады.

Полиция мәліметінше, келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін: Майлин көшесі, Құлжа тас жолы, Бұқтырма көшесі, Шығыс автомобиль айналма жолы, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Достық даңғылы, Жароков көшесі.
- Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматы 31 қаңтар және 1 ақпан күндері Digital Almaty халықаралық форумы өтеді.
Былтыр Digital Almaty форумында отандық цифрлық ноу-хау жетістіктері таныстырылған болатын.