Диқандарды тұқыммен қамтамасыз етудің бірегей тетігі іске қосылды

Оның атап өтуінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан астық тұқымын субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылып отыр.
"Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тұқым аса қажет. Алайда ол екінші сатыда қалып отыр. Себебі қазіргі уақытта фермерлерге техникасының жүруі үшін жанармай дайындауы, жұмысшыларының жалақасын төлеуге, тыңайтқыш сатып алуға, өсімдікті қорғауға ақша табуы керек. Содан кейін барып тұқымға назар аударатын. Өйткені, өткен жылы астық түсімін тұқым ретінде пайдалануға болатын еді", - деді Азат Сұлтанов.
Департамент басшысының айтуынша, ендігі уақытта диқандар тұқымдық астықты төлем уақытын кейінге шегеру арқылы алуға мүмкіндігі бар.
"Егер бұған дейін оларға тұқымға алдын ала төлем жасау үшін қаржы іздеп табуына тура келсе, енді еш төлемсіз-ақ нормаға сай тұқым ала алады. Оны егіп, күзде өнім алғаннан кейін де жеңілдіктер береміз. Олар алған тұқым құнының 30 пайызын ғана төлейді", - деді ол.