Диқандарға дизель зауыттардан басым негізде жеткізіліп отырады – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Диқандарға дизель отынын жеткізу басым негізде жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл күзгі дала жұмыстарына 423,5 мың тонна бөлінді. Шілде айында 106,6 мың тонна жөнелтілді, тамыз айында 148,2 мың тонна үшін қаражаты төленді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткізу басым негізде жүзеге асырылады.

Министрлік жөнелтімдерге тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін баға ресурс ұстаушылардың келісімі бойынша 1 тоннасына 222 мың тенге немесе Қазақстан мұнай өңдеу зауыттары МӨЗ FCA шарттарында 1 литр үшін 184 теңге деңгейінде анықталды. Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өңдірушілер үшін баға бөлшек бағадан өңірге байланысты 15-25 пайызға төмен», - деді Болат Ақшолақов.


Соңғы жаңалықтар