10:31, 18 Наурыз 2022 | GMT +5
«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Криминалдық авторитет «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады.
«Иә, Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Тергеу жалғасуда», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстады.
Кейін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов «Дикий Арманның» қылмыстық тобының қаңтар оқиғасына қатысы бар екенін айтты.