Дильназ Ахмадиева, Әли Оқапов, «Орда» тобы Астананың тұрғын үй алаптарын аралап, концерт қояды

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - «Астана Шаттық» шығармашылық керуені қаланың тұрғын үй алаптарында төртінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұл Қала күні мерекесіне арналған іс-шаралар аясында жақсы дәстүрге айналды.

Дильназ Ахмадиева, Әли Оқапов, «Орда» тобы Астананың тұрғын үй алаптарын аралап, концерт қояды

Автокеруен - бұл Астана қаласының тұрғын үй алаптары тұрғындары үшін қойылатын көшпелі концерт. Оның бағдарламасына өнердің түрлі бағыттары мен жанрлары ұсынылады. Автокеруенге Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуы оның беделін арттырып, маңызын көтеруде.

Осы жылы автокеруенде Дильназ Ахмадиева, Әли Оқапов, Орда тобы сынды жұлдыздар өнер көрсетеді. Бұл жайында astana.kz сайтына Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы хабарлады.

Автокеруен бағдарламасында әр түрлі жастағы көрермендер өз қалауына қол жеткізе алады.

«Астана Шаттық» автокеруені Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандары мен Теміржол, Үркер, Көктал тұрғын үй алабын аралайды.