Ділназ Ахмадиеваның «Көз алдымда» альбомы тұңғыш рет қазақ тілінде шықты (ФОТО)

Кеш Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтті. Туған күн иесін өнердегі әріптестері мен достары құттықтап келді. Олардың қатарында Баян Есентаева, Жеңіс Ысқақова, Айқын, Ерік Тастамбеков, Адиль Лиян, Нұржан Керменбаев, Алуа Қонарова, Мақпал Исабекова, Лидо, Раимжан Хамраев, «Ринго» тобы, Луина, Ринат Гайсин, Нұрлан Абдуллин, Рано Умарова, Әлішер Каримов та болды. Туған күн иесін құттықтап, әрине Ділназдың ата-анасы мен ағасы Ділшат та қасынан табылды.
Әншінің осыған дейін бірнеше альбомы жарық көрген болатын. 2001 жылы «Может однажды», 2002 жылы «Wapadarim», 2005 жылы «Золотой», 2007 жылы «Моё сердце», 2010 жылы «Любовью задеты» атты альбомдары тыңдарманға тарту етілген. Кеше ғана таныстырылымы өткен «Көз алдымда» альбомын Ділназ тұңғыш рет қазақ тілінде шығарып отыр.