Дима Билан түркиялық maNga тобына есе жіберді

АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат - «Еуровидения-2008» лауреаты Дима Билан кеше Берлинде өткен MTV European Music Awards 2009 сыйлығын тапсыру салтанатының қорытындысы бойынша жүлдесіз қалды,

Дима Билан түркиялық maNga тобына есе жіберді

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

 Ресейлік әнші «Үздік еуропалық әнші» санатындағы жүлдеден дәмелі еді, алайда түркиялық maNga тобына есе жіберіп алды.

 Биланға екінші дәрежелі «Үздік ресейлік әнші» аталымындағы ынталандыру сыйлығымен қанағаттануына тура келді.

Ең көп басты жүлделерге американдық әнші Бейонс ие болды. Мұхиттың арғы жағынан келген әнші «Үздік ән», «Үздік орындаушы» және «Үздік бейне-клип» аталымдарында сыйлықтарды жеңіп алды. Биылғы жылдың үздік әншісі - рэпер Eminem, үздік топ Tokio Hotel аталды.