Димаш әлемдік турнесі кезінде Фучжоу қаласында өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген D-Dynasty әлемдік турнесі кезінде Қытайдағы Фучжоу қаласында өнер көрсетеді. Бұл туралы әнші Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш әлемдік турнесі кезінде Фучжоу қаласында өнер көрсетеді

Еске сала кетсек, Димаш алғашқы әлемдік турнесі аясында ҚХР-да жүр.

Бұған дейін хабарланғандай, Жаңа жылды қазақстандық әнші Қытайда қарсы алды. 

Еске сала кетсек, TC Candler тәуелсіз сарапшылары 2017 жылдағы ең сымбатты да көрікті адамдардың жүздігін жасап шығарды. ТОП-100 тізімінде жерлесіміз Димаш Құдайберген ең әдемі ер адамдар арасында 76-шы орында тұр. Оның үстіне Димаш Құдайберген Райан Гослин (91 орын), Леонардо ди Каприо (87 орын), Дуэйн Джонсон (82 орын), Брэд Питт (78 орын) сияқты атағы жер жарған Голливуд жұлдыздарынан алға шығып кетті. 

Айта кетерлігі, Димаш Құдайберген «2017 Golden mango melody awards» шарасында «Жылдың үздік танымал əншісі» номинациясы бойынша марапатталды. 

Әнші жылдың басында Қытайдың «Singer 2017» ән додасында екінші орын жеңіп алып, Қытай және басқада елдеріндегі танымалдылығы арта түсті.