Димаш анасының тамағын сағынып жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергенов "I am Singer" жобасындағы қарсыластарының бірі,  қытайдың атақты әншісі Тан Цзиннің үйінде қонақта болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш анасының тамағын сағынып жүр

"I am Singer" жобасында көп таныс, достар таптым! Әрбір танысымның ыстық ықыласы, маған деген ниеті ерекше көңіл-күй сыйлайды. Қарсыласым болса да қонақжайлылығын көрсетіп, Тан Цзин Бейжіңдегі үйіне қонаққа шақырды. Тан Цзин қытайдың атақты әншісі, көптеген xалықаралық байқаулардың жеңімпазы! Ата-анасы да өнерден ауылы алыс емес. Дастарxан барысында бірге ән шырқап, әдемі тілектер айтып, қызықты әңгіме-дүкен құрдық. Менің xалал тағам ғана жейтінімді білген Тан Цзиннің анасы сиыр етінен дайындалған тұшпара дайындады. Тіпті, бір-екеуін өзің де істеп көр деп ұсыныс білдірді. Әрине, менен мықты аспаз шықпас, бірақ қолымнан келгенше тырыстым! Тан Цзиннің отбасы, ата-анасымен танысқаныма қуаныштымын, керемет жандар! Десек те, өз Анамның дайындайтын тамақтарын сағынып кеттім!..» - деп жазды Димаш өзінің инстаграмында.