Димаш Армения мен Малайзияда жеке концерттер береді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2023 жылы Армения мен Малайзияда концерт береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әншінің желідегі парақшасына сілтеме жасап.
«Ереванда жаңа кездесуімізді асыға күтемін. 24 маусымда менің Малайзиядағы жаңа форматтағы жеке концертім өтеді», - деп жазды әнші.
Еревандағы концерт 29 сәуірге жоспарланған.
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash